USD
USD
USD

Жамбыл облысында 13 жастағы жасөспірім абайсызда досын атып өлтірді

 Жамбыл облысында 13 жастағы жасөспірім абайсызда досын атып өлтірді. Оқиға Мойынқұм ауданынының Көшаман ауылында болған.

Полиция
Фото: Polisia.kz

Алматы, NEGE.  Алдын ала мәлімет бойынша 2012 жылы туған екі бала түнде аң аулауға шыққан. Олардың бірі қоянды атып, жаралайды. Қашып кетуге тырысқан қоянды атпақшы болған екінші бала байқаусызда досын атып жібереді.

Оқыс оқиғаға қатысты Жамбыл облысының полициясы түсініктеме берді.

"Абайсызда адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері күдіктінің кім екенін анықтап, полиция бөлімшесіне жеткізді", - дейді полицейлер.

Қазіргі уақытта істі толық, объективті және жан-жақты тергеу үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.

Сонымен қатар баланы тәрбиелеу және қадағалау жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны, соның салдарынан жасөспірімдердің атыс қаруына қол жеткізіп, түнгі уақытта қараусыз жүргені үшін ата-ананы жауапкершілікке тарту мәселесі қаралып жатыр.

Қазір оқып жатыр

ҰҚК Нұрлан Жақыпов пен Ерлан Отыншиевтің ұсталғанын растады

Жақыпов, Отышниев

«Ақшаны қайтарыңдар»: Павлодар әкімдігі әлеуметтік төлемге қатысты түсініктеме берді

Мүгедек бала

Астанада чемодандардан долларлар шашылды

Астанада аулада шашылып жатқан доллар

Пайда мен қарыз бірге өсуде. Ағайынды Тастекейлер биыл НЕГЕ қарқын алып келеді?

TAS