USD
USD
USD

Жалпыұлттық карантин жарияланды

Грекия үш аптаға жалпыұлттық карантин жариялады, – деп хабарлайды Reuters.

 Жалпыұлттық карантин жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ел үкіметі осы аптада науқастар саны күрт өскеннен кейін коронавирустың тарауын тоқтату мақсатында қайтадан үш аптаға карантин жариялады.

«Соңғы амал жалпыұлттық карантин жариялау болғанына қарамастан осындай шешім қабылдауды жөн көрдім», – деді премьер-министр Кириакос Мицотакис.

Оның айтуынша, карантин жарияланбаса елдің денсаулық сақтау жүйесіне ауыр тиюі мүмкін.

7 қарашада күшіне енетін жаңа шектеулер бойынша, супермаркет пен дәріханадан басқа сауда нүктелері жабылады.

Ел тұрғындарына сыртқа белгілі бір уақытқа шығу үшін рұқсат қағазы қажет.

Келесі аптадан бастап Грекияға келетін ұшақ жолаушылары коронавирусты анықтайтын тест тапсырып, оның нәтижесі теріс болуы керек.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy