USD
USD
USD

«Жалғыз ұлым әскерге тірідей барып, табытпен қайтты»: Сарбаздың әкесі үндеу жасады

Ақтауда қаза тапқан сарбаздың әкесі Қорғаныс министрлігіне жүгінді.

Сарбаз өлімі
Фото: Қорғаныс министрлігі

Алматы, NEGE. Ол баласының жазатайым оқиғадан қайтыс болғанына сенбейді. 

Маңғыстау облысында жараланған сарбаздың әкесі Қорғаныс министрінің атына видеоөтініш жолдады. Ер адам ұлының жазатайым оқиғадан қаза таппағанын айтады.

«Жалғыз ұлым әскерге тірідей барып, табытпен қайтты.Ақтау қаласының әскери округіне бара жатырмын. Ұлымды тапаншамен бетінен атып тастаған. Бұл оқыс оқиға дейді. Офицер қарумен ойнап отырып, ол аяқастынан атылып кеткен дейді.

Мен Қорғаныс министрінен бұл істің жазатайым оқиға ретінде қарастырылмауын сұраймын. Бұл жазатайым оқиға емес: тапаншадан ату үшін патронын салып, сақтандырғыштан алып тастап, шүріппені басу керек. Бұл ойнайтын ойыншық емес. Қазір оны қамауға алды дейді. Істі тоқтатқысы келуі мүмкін. Мен бәрін мұқият зерттегім келеді», – деді сарбаздың әкесі.

Ер адамның айтуынша, ол тергеу комитетіне барып, ары қарай ұлының денесін экспертизадан өткізуге ниетті.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Наразылық білдірушілер

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе