USD
USD
USD

Жалғас Жұмағұлов жанкүйерлері күтпеген мәлімдеме жасады

Аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (14-8) карерасын аяқтайтынын мәлімдеді, - деп хабарлады 

Жалғас Жұмағұлов жанкүйерлері күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: NEGE.kz

Tengrinews.kz

Алматы, NEGE. Бесінші рет жеңілгеннен кейін Жұмағұлов Instagram-парақшасында үндеу жасады. "Жекпе-жекті бәрі көрді, не айтамын? Ештеңе айта алмаймын. Бұл менің соңғы жекпе-жегім болды. Енді төбелескім келмейді. Қанша рет жекпе-жекке шықтым, төрешілер маған жеңіс бермейді. Шаршадым - барыңды салып сонша еңбектенесің... Қазір эмоцияға салынып отырған жоқпын, барын айтып отырмын", - деді Жұмағұлов.

Еске салайық, аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (14-8) кезекті рет жеңілді. Отандасымыз Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 215 турнирінде төрешілердің бөле жарған шешімімен америкалық спортшы Чарльз Джонсонға жол берді.

Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жалғасты. Жалғас дәл соққылар көрсеткіші және шабуылда ширақ қимылдарымен көзге түскен. Бір тейкдаун да еншісінде бар еді. Алайда екі төреші америкалық спортшыны 29:28 есебімен жеңімпаз деп таныған. Бір төреші Жалғасқа басымдық берген. Нәтижесінде жеңіс қарсыласына бұйырды.

Қазір оқып жатыр

Талғарда қылмыстық істі тоқтату үшін тегін демалмақ болған екі полицей ұсталды

Маңғыстау

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк

Alatau City Authority және прокуратура органдары инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі меморандумға қол қойды

Alatau City

«Балаңыз қатты дуаланған»: полиция алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертті

алаяқтық