USD
USD
USD

Жалған вакцинация фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Теміртауда 59 жастағы ер адам COVID-19-дан көз жұмды. Бір күннен кейін мәліметтер базасында ол коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның екінші компонентін алғаны туралы ақпар пайда болды. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары қаладағы денсаулық сақтау мекемелерінің бірінің дәрігерлерін вакцинация паспортын қолдан жасады деген күдік бойынша тексеріп жатыр.

Жалған вакцинация фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қарағанды облысының полиция департаменті ҚР ҚК 385-бабы «Ресми құжаттарды қолдан жасау және өткізу» бойынша қозғалған қылмыстық істі тіркеп, тергеуді бастады.

Аталған фактіні Қарағанды облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті COVID-19-ға қарсы вакцинацияланғандардың арасында коронавирустық инфекциядан болатын өлім-жітімге қатысты мониторинг жүргізу барысында анықтады.

«Айта кетерлігі, Теміртау қаласының 59 жастағы тұрғыны жұқпалы аурулар госпиталіне жатқызылғанға дейін вакцинаның бірінші компонентімен екпе алды деген мәлімет болған. Бес күннен кейін бұл азамат індеттен көз жұмды. Алайда, ол қайтыс болғаннан кейінгі күні базада ер адамның вакцинаның екінші компонентін алғаны туралы белгі пайда болды. Бұл, әрине, оның алғашқы вакцинаны алуына қатысты мамандардың күмәнін тудырды», - деп түсіндірді полиция департаментінің тергеу бөлімінің бастығы Алмаз Саламатов.

Құқық бұзушылық расталған жағдайда кінәлілерге 2000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл төлеуге тура келеді немесе олар екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде. Тиісті инстанцияларға сұраныстар жолданды. Тергеу барысы Облыстың ПД басшылығының бақылауына алынды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

.

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар