USD
USD
USD

Жалған вакцина паспортын жасаған дәрігер ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында жалған вакцина паспортын жасап келген 54 жастағы дәрігер ұсталды.

Жалған вакцина паспортын жасаған дәрігер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында жалған вакцина паспорттарын жасаумен айналысқан дәрігер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ұлан ауданындағы отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның медицина қызметкері ақша табу үшін заңсыз қадамға барған. Белгілі болғандай, ол тұрғындарға екпе салдырмай вакцина паспортын жасап отырды.

Әуелі клиент тапқан дәрігер вакцинаны төгіп тастап, содан кейін базаға жалған ақпарат енгізген. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ақ халаттыны қолға түсірді.

«Медицина қызметкеріне қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 385-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары жалған вакцина паспортын жасаумен айналысатындардың жолын кесу үшін жан-жақты мониторинг жүргізуде», - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысындағы алғашқы жаңа форматтағы кітапхана Сарыөзекте ашылды

.

Шарджада екі қазақ қызы қаза тапты: СІМ ресми мәлімдеме жасады

.

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді