USD
USD
USD

Жалған вакцина паспортын сату кеңінен етек жайды

 Грузияда жалған вакцина құжаттарын сату бойынша көлеңкелі бизнес қанатын кеңге жая бастады.

Жалған вакцина паспортын сату кеңінен етек жайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елдің Қауіпсіздік қызметіне қарасты Жемқорлықпен күрес агенттігінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде өтірік куәліктерді сатқан 7 күдіктіні қамауға алды. Бірақ қылмыстық топтың жетекшісі әлі қолға түспеген. Алдын ала ақпарат бойынша, ол Испанияда тұратын Грузия азаматы. Әзірге онымен сыбайлас бір әйел ғана ұсталған.

Грузия мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің тергеушісі Георгий Курдадзе: 

"Тергеу анықтағандай, 4 айыпталушы Грузия азаматына 350 еуроға ковид-19-ге қарсы Пфайзер вакцинасының салынғаны туралы жалған құжат жасап берген. Ал 3 күдікті «Синофарм» вакцинасының салынғаны туралы жалған құжат рәсімдеп, 400 лари, яғни 128 доллар алған. Жалған құжаттарды тапсыру кезінде олар қамауға алынды", – деді. 

Күдіктілердің кінәсі толық дәлелденсе, олар қомақты айыппұл төлейді немесе 3 жылға дейін сотталады. Түпкілікті үкім бүгін шығуы тиіс.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park