Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жалған вакцина паспортын сатқан 13 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

 Вакциналау құжатын сататындар айылын жияр емес. Қазір 13 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Жалған вакцина паспортын сатқан 13 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұдан бөлек ПТР тест нәтижесін өзгертудің 35 дерегі, жалған ПТР тестіні қолданудың 16 жағдайы әшкереленген. Ішкі істер министрлігі ақшаға құнығып, қоғамға қауіп төндіретіндерге тағайындалған жаза да қатаң екенін ескертеді.  Атап айтсақ, вакциналау құжатын қолдан жасайтындарға 5 млн 800 мың теңге айыппұл салынады. Немесе 600 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылады.

Тіпті болмаса 2 жылға бас бостандығы шектелуі мүмкін. Ал егер қылмыс бір жыл ішінде қайталанса және ұйымдасқан топ құрылса, 11 млн 600 мың теңге көлемінде айыппұл арқалап, 4 жылға бас бостандығы шектеледі. Сондай-ақ жалған құжатқа тапсырыс бергендер де жазадан құтылмайды. Оларға заң бойынша 467 мың теңге көлемінде айыппұл салыну қарастырылған. Сонымен қатар 160 сағатқа қоғамдық жұмысқа жегіліп, 40 тәулікке түрмеге қамалуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауы-2026: сайлау учаскелерінде кезек ұлғайып, қазақстандықтар креатив танытуда

Құрылтай сайлауы

Аида Балаева: Құрылтай сайлауында азаматтардың белсенділігі жоғары

Аида Балаева

Құрылтай депутаттарын сайлауда ел тұрғындарының 17,96 %-ы дауыс беріп үлгерді

Құрылтай сайлауы

Барлық сайлау рәсімдері сақталуда – Грузиядан келген байқаушы алғашқы Құрылтай сайлауы туралы пікір білдірді

Құрылтай сайлауы