USD
USD
USD

Жалған түбіртек көрсетіп, тегін ас ішкен ер адам сотталды

Жалған түбіртек көрсетіп, тегін ас ішкен шымкенттік сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жалған түбіртек көрсетіп, тегін ас ішкен ер адам сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 30 жастағы қала тұрғыны қоғамдық тамақтану орнында тегін ас ішіп, азық-түлікке ақша үнемдеуді шешкен. Кассирлерге төлем жасау кезінде ол электронды аударымның жалған түбіртектерін көрсетіп, екі күн ішінде 5-6 рет тегін тамақтанған.

Тұрақты келушіге алданғанын білген дәмхана қызметкерлері бұл туралы полицияға хабарлады. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Тұран АПБ-ның қызметкерлері мекеме камераларындағы бейнежазбаларды тексеріп, күдіктінің жеке басын анықтады. Оны іздеуге криминалдық полицияның жедел уәкілдері мен жергілікті полиция қызметінің инспекторлары жұмылдырылды.

Тәртіп сақшылары ықтимал куәгерлерден жауап алып, ер адамның қозғалыс бағытын нақтылады. Үш күндік іздеу жұмыстарының нәтижесінде тегін тамақ ішуге әуесқой азамат қала аумағында ұсталды.

– Ұсталған адам көктемде тонау қылмысын жасағаны үшін сот тағайындаған бас бостандығын шектеу жазасын әлі де өтеп жатқаны белгілі болды. Аталған жазаның өтелмеген мерзімін қосу арқылы сотталушы 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды, – деді Тұран АПБ-ның анықтаушысы Ернұр Әбубәкір.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс