USD
USD
USD

Жалған ПТР-тест қолданған тұрғын жазаланды

Павлодарда жалған ПТР-тестіні қолданғаны үшін 56 жастағы ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Жалған ПТР-тест қолданған тұрғын жазаланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Рavlodarnews.kz облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтемей жасай отырып, ер адам жалған ПТР-тест анықтамасын Ресейге барып, келгеннен кейін көрсеткен.

Ер адам кезекті еңбек демалысында Ресей Федерациясына шығуды жоспарлаған. Қазақстан Республикасының аумағына оралған кезде емдеу мекемесіне карантинге жатпау үшін Covid-19 теріс нәтижесі бар медициналық құжатты көрсету қажет екенін біле тұра, Ресей Федерациясына шығып, екі күннен кейін павлодарлық Қазақстан Республикасының аумағына "Қосақ" бақылау өткізу пункті арқылы келген.

- Алайда ол короновирус инфекциясының таралуына қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында Успен ауруханасының карантиндік стационарына жіберілді. Ер адам ауруханаға жатпас үшін теріс нәтижемен COVID-19 бланкісін ұсынған. Аурухана қызметкерлері бұл құжатқа күмән келтіріп, оны берген медициналық мекемеге хабарласқан. Мекеме дәрігерлері ол ер адамның мекемеге жүгінбегенін және ешқандай зерттеу жүргізбегенін хабарлады, - деді Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Жалған құжатты пайдалану фактісі бойынша Успен ауданының полициясында Қазақстан Республикасы ҚК 385-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Тергеу барысында құқық бұзушы жалған құжатты қолданғанын мойындады. Қылмыстық іс Успен аудандық сотының қарауына жіберілді. Ер адамға 15 АЕК – 44 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Полицейлер әдейі жалған құжат қолдану үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы ескертеді. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 385-бабында осы іс-әрекет үшін 160 АЕК-ке дейінгі айыппұл салу, 160 сағатқа дейін түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту, 40 тәулікке дейін қамауға алу сияқты жаза қолдану қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

.

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

.

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

.

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Жақсылық Омар