USD
USD
USD

Жалған несие алатын алаяқтардың саны азаяр емес

Маңғыстау облысында ірі көлемдегі алайықтықпен айналысқан күдіктілерге тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жалған несие алатын алаяқтардың саны азаяр емес
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Маңғыстау облысы аумағында интернет-алаяқтықтың алдын алу және анықтау мақсатында «Контрафакт» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Шара барысында бірнеше заңсыздық анықталды. Оның ішінде DVD және CD форматты дискілерді сату, флеш-картаға әндер жазып, сату, WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы алдау, банктен несие рәсімдеу деректері сияқты интернет-алаяқтық қылмыстар тіркелді.

Мәселен, Жаңаөзен қаласы тұрғынының атына екі мекемеден жалпы сомасы 90 000 теңге көлемінде несие алған Б.есімді азаматша ұсталды. Сондай дерек Ақтау қаласының тұрғынының атына онлайн түрде Д.есімді азаматша «Хоум Кредит Банк» АҚ-нан 1000 000 теңге көлемінде несие алған. Жаңаөзен қаласының тұрғынының «Халық Банк» карточкасынан 4 000 000 теңгесін алаяқтық жолмен иемденіп алған Нұр-Сұлтан қаласының Г.есімді азаматшасы анықталып, ұсталды.

Ақтау қаласының тұрғындарына WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы ақшасын көбейтіп беремін деген уәде беріп, «Kaspi.kz» арқылы қаражатын аудартып алған Қарағанды облысының П.есімді азаматшасы анықталып, ұсталды. Осы деректер Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жоғарыда көрсетілген деректер қоғамда болып жатқан алаяқтық қылмысының аз ғана бөлігі. Маңғыстау облысы Полиция департаменті интернет-алаяқтықтың көбейіп кетуіне байланысты қарапайым халыққа абай болуды ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Екі жылға сотталған Жанабыловтар әлеуметтік желіге қайта оралды

.

Отбасы банк «Бәйтерекке» 100 млрд теңге дивиденд төлейді

Отбасы банк

56 құрылыс компаниясы жалған жұмыс тәжірибесімен мемлекеттік сатып алуларға қатысқан

жалған тәжірибе, мемлекеттік сатып алу

Almaty Superski таңдаулы топқа арналған курорт ретінде қабылданбауы керек – Аида Балаева

.