USD
USD
USD

Жалған хабар таратқан адам ұсталды

Нұр-Сұлтан мен Алматыда орналасқан бірқатар ғимаратқа жарылғыш зат қойылды деп жалған хабар таратқан адам ұсталды, деп хабарлайды ҚР Терроризмге қарсы орталығының баспасөз қызметі. 

Жалған хабар таратқан адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Айта кетейік, осыған дейін, яғни, 4 сәуірде Нұр-Сұлтан мен Алматының бірқатар мекемелерінің электронды мекенжайларында жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Осыған байланысты арнайы жүргізілген жедел іздестіру шараларның барысында Қостанай облысы, Жітіқара қаласының 1986 жылы туған тұрғыны ұсталды. Ол осы қаладағы мекемелердің бірінде IT маманы болып қызмет еткен.

Ол өзінің ақпаратық технологиялар саласындағы біліктілігі мен өзге де технологияларды пайдалана отырып, елорда мен Алматының ірі нысандарының мекенжайларына хабар таратқан.

Күдікті өзінің әрекетін бұзақылық ниетімен істегенін мойындады және ол қамауға алынды.

Енді ол ҚР ҚК 273 бабы «Терроризм туралы көрінеу жалған ақпарат тарату» негізінде (5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу немесе осы мөлшердегі сомаға түзету жұмыстарына жегу, сондай-ақ 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу мен осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған) жауап беруге тура келеді

Қазір оқып жатыр

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы