USD
USD
USD

Жалған диплом жасағандардың жазасы қандай?

Диплом сатып алып, мектепте сабақ беріп жүрген мұғалімдердің қулығы анықталса, қомақты айыппұл салынады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрліг

Жалған диплом жасағандардың жазасы қандай?
Фото: NEGE.kz

і хабарлады.

Астана. NEGE. Министрлік мәліметінше, еліміздің Қылмыстық кодексiнің 385-бабына сәйкес жалған құжаттарды жасағандарға 2000 айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады.

Сонымен қатар 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектеліп, не сол мерзiмге бас бостандығынан айырылуы да мүмкін.

Ал жалған құжатты пайдаланғандарға 160 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 160 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартылады.

Ведомство «осы уақытқа дейін қанша мұғалімнің жалған дипломмен сабақ беріп жүргені анықталғанына» қатысты сауалымызға бұл мәселе құқық қорғау органдарының құзырында екендігін атап өткен.

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер