USD
USD
USD

Жалған ақпарат үшін 7 жылға сотталуы мүмкін

Әлеуметтік мессенджерлер арқылы жалған ақпарат таратқан Жезқазған қаласының тұрғыны жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жалған ақпарат үшін 7 жылға сотталуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 27 наурызда «WhatsApp» мессенджеріне мониторинг жүргізу кезінде полиция қызметкерлері Жезқазған қаласында үш адам коронавирусты жұқтырғаны туралы аудиожазба таратқан әйел адам анықталды.

«Бұл дерек шындыққа сәйкес келмейді, ҚК 274-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату). Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 32 жастағы қала тұрғыны анықталды», – деді ПД баспасөз қызметі.

Қарағанды облысының полиция департаменті азаматтарды әлеуметтік желілерде пайда болған қауесет пен жалған ой-пікірлерге құлақ аспауға шақырады.

Мемлекеттік органдардың ресми мәліметтеріне ғана негізделу қажет.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары осындай қылмыстарды жасағаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске салады.

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком