USD
USD
USD

Жалған ақпарат таратқандарға ескерту жасады

Індет өршіп, жұрт үрейге берілген сайын елді елең еткізетін қорқынышты хабарлар да айтылып жатыр. Мәселен күні кеше соңына қызыл түтін «ерткен» ұшақты «вирус шашып жүр» дегендер де кездескен. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі осыған түсініктеме берді.

Жалған ақпарат таратқандарға ескерту жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Соңғы күндері әлеуметтік желілерде «Қазақстан аумағында болып жатыр» деген мәтінмен ұшақтан белгісіз қызыл зат шашыраған бейне көрініс таратылып жүр.

Ақиқатында бұл ақпараттың жалған екені анықталды. Шынайы ақпарат көздерінен алынған мәлімет бойынша, бұл ұшақтың АҚШ-қа тиесілі екендігі, ал шашырап жатқан зат өрт сөндіру кезінде қолданатын сұйықтық екені мәлім болды.  

Жалған ақпаратты таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, жауапкершілікке тарту көзделгенін тағы да бір рет ескертеміз.

Тек қана ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз, дейді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі