Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Жалған аутизм»: ДСМ ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға үндеу жасады

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, әлеуметтік желілерде «аутизмді толық емдеу», «жалған аутизм» және басқа да дәлелденбеген теорияларға қатысты мәлімдемелер көбейіп кеткен.

Бала
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Осыған байланысты дәрігерлер ерекше балалардың ата-аналарын желідегі ақпараттарға сын көзбен қарауға және тек дәлелді медицинаға сенуге шақырады.

«Аутизм спектрінің бұзылыстары (AСБ) – халықаралық медициналық қауымдастық растаған, нейродамудың ресми танылған ерекшелігі. Аутизм "тәрбиенің дұрыс болмауынан", гаджеттерден немесе вакцинациядан туындамайды. Бүгінгі күні аутизмді "тез және толық емдеуге" қабілетті ғылыми дәлелденген әдіс жоқ», – делінген Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада.

Ғажайып терапиялар, күмәнді дәрі-дәрмектер және жалған ғылыми әдістер пациенттерді адастырып қана қоймай, дәрігерлердің ескертуінше, кәсіби көмек алуға қажетті аса құнды уақытты жоғалтуға әкеп соқтыруы мүмкін.

«Бала үшін ең маңыздысы – ауруды ерте анықтау, уақтылы түзету, мамандардың сүйемелдеуі және отбасының қатысуы. Балалардың денсаулығы хайптың, манипуляцияның және жалған сенсацияның тақырыбы болмауы тиіс», – дейді министрлік өкілдері.

Айта кетейік, соңғы күндері әлеуметтік желіде инженер Жандос Құлжанбековтің «қызымды псевдоаутизмнен емдеп шығардым» деген мәлімдемесі қызу талқыланып жатыр. Осыған байланысты AUTISM KAZAKHSTAN Ұлттық қауымдастығының негізін қалаушы және төрағасы Нұрия Балтабайқызы Nege.kz-ке кең көлемді сұхбат берген еді.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық