USD
USD
USD

Жалған ақпарат таратқандарға айыппұл салынады

Заң жобасы Жогорку Кенештің қарауына жіберілді. 

Жалған ақпарат
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ел үкіметі БАҚ пен әлеуметтік желілерде жалған ақпарат жариялағаны үшін жауапкершілікті қарастыратын Құқық бұзушылықтар туралы кодекске түзетулер енгізуге бастамашы болды. 

Әзірлеушілер атап өткендей, бүгінде Интернет пен әлеуметтік желілер ақпараттың негізгі көзіне айналды. Олардың платформаларында сондай-ақ жалған ақпарат таратылып келеді. БАҚ пен интернет кеңістігін реттеу цензура немесе демократиялық құқықтар мен бостандықтардың бұзылуы ретінде бағаланбауы керек. Фейк аккаунттар жағдайды тұрақсыздандыру мақсатында, сондай-ақ қандай да бір оқиғадан кейін қоғамда жағымсыз көңіл-күй тудыру үшін тіркеледі.

Құжатқа сәйкес, әлеуметтік желілерде және БАҚ-та қоғамдық тәртіпті, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін немесе қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін бұзуға жағдай туғызатын фейктерді жариялағаны үшін, егер бұл әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке жатпайтын болса, айыппұл салу ұсынылып отыр.

Айыппұл жеке тұлғаларға 200 есептік көрсеткіш (20 мың сом), заңды тұлғалар үшін 650 есептік көрсеткіш (65 мың сом) мөлшерінде белгіленді. 

Қазір оқып жатыр

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли