Жалған ақпарат: Қоғамдық сананы манипуляциялауға қалай қарсы тұруға болады?
Сандық технология мен әлеуметтік желінің дамуымен жалған ақпараттың таралу жылдамдығы артты. Әлеуметтік желі ақпаратты тұтынудың негізгі алаңына айналды. Жалған фактілер, бұрмаланған деректер қоғамдық сананы манипуляциялауға бағытталған таптырмас құрал. Қоғамдық пікірді манипуляциялау жаңалық емес екені анық.
Сонымен жалған ақпарат арқылы қоғамдық сананы манипуляциялаумен күресудің стратегиялары мен әдістерін қарастырырып көрейік.
Қоғамдық сананы манипуляциялаудың негізгі әдістері:
Жалған ақпаратты пайдалану: Бұл әдіс белгілі бір мақсатқа жету үшін жалған фактілерді таратуды, деректерді бұрмалауды және жалған оқиғаларды жасауды қамтиды. Мақсаты – қоғамдық пікірді манипуляциялау.
Эмоциялық әсер: Манипулятор қоғамның белгілі бір реакциясын туындату үшін қорқыныш, ашу және жек көру сияқты эмоцияларды пайдалана алады. Бұл жалған ақпараттың әсерін күшейтіп, адамдардың сеніміне кіруге түрткі болады.
Бейне арқылы манипуляциялау: Белгілі бір бейне немесе тұлға арқылы қоғамдық сананы басқару. Бұл әдіс көбінесе саяси риторика мен жарнамада қолданылады.
Жалған ақпаратқа және қоғамдық сананы манипуляциялауға қалай қарсы тұруға болады?
Біліміңді жетілдіру: Ерте жастан бастап сыни тұрғыдан ойлау мен ақпаратты талдау дағдыларын дамыту қоғамның манипуляцияға төзімді болуына көмектеседі. Білім беру бағдарламалары медиа сауаттылық және ақпараттық қауіпсіздік бойынша курстарды қамтуы керек.
Деректерді тексеру: Ақпаратты таратпастан бұрын оның дұрыстығын тексеру жалған ақпараттың таралуын болдырмауға көмектеседі. Ұсынылған ақпараттың растығын анықтауға көмектесетін арнайы фактілерді тексеретін онлайн ресурстар бар.
Құқықтық база қалыптастыру: Қоғамдық сананы манипуляциялаумен күресуде жалған ақпараттың таралуын реттейтін заңдардың енгізілуі де маңызды рөл атқарады.
Ақпараттық манипуляцияға тап болғаныңызды сезген жағдайда қалай әрекет ету керек?
1. Манипуляция белгілерін анықтау;
2. Манипуляцияның мақсатын анықтау;
3. Манипуляция жасаушы тарапты анықтау.
Жалған ақпарат пен қоғамдық сананы манипуляциялау қоғамға үлкен қауіп төндіреді. Бұл құбылыстармен күресу үшін ұйымдастыру шараларын, білім беру бағдарламаларын және заңнамалық бастамаларды қамтитын кешенді тәсілді қолдану қажет. Барлық қоғам мүшесінің бірлескен күш-жігері ғана ақпараттық кеңістікке бақылау орнатуға және қоғамдық сананы амал-айладан қорғауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, фактчекинг және әлеуметтік желілерді бақылау сияқты жалған ақпараттың таралуын бақылау тетіктерін құру маңызды. Жалған ақпарат пен қоғамдық сананы манипуляциялауға қарсы мұндай әрекеттер мемлекеттік деңгейде де, азаматтардың өз деңгейінде де жүргізілуі керек.
Ақпарат адам өмірінің маңызды бөлігі. Адамның өзі ақпараттан тұрады. Ол ерте заманнан өмірдің маңызды элементіне айналған.
Біздің ғасырда қоғамдық сананы манипуляциялау адамдардың мінез-құлқын қалыптастыру технологиясына айналып бара жатыр. Қоғамды манипуляциялау арқылы сіз адамдардың санасындағы белгілі бір идеяларды жойып, олардың орнына жаңа идеологияны сіңіріп, қоғамдық пікірін өзгерте аласыз. Ғалымдардың пікірінше, манипуляция мемлекет белгілі бір идеяларды насихаттауға мүдделі болғанда және ықпал етудің белгілі бір шараларын негіздеуге тырысқанда қажет болады. Осылайша, үгіт-насихат тікелей мемлекет пен оның басшыларының идеологиялық қажеттіліктері үшін жұмыс істейді.
Ақпаратты логика тұрғысынан талдау маңызды. Егер біз белгілі бір елдегі жағдай туралы ақпарат естісеңіз, оның түпнұсқасын іздеңіз. Ақпараттың мәтініне, авторлар құрылымына және оны кім айтқанына назар аударыңыз.