USD
USD
USD

Жалдамалы жұмысшы НЕГЕ көп?

Елімізде 6,7 миллион адам жалдамалы жұмыс істейді. Ал жұмыссыздық деңгейі – 4,8 пайыз. Өткен жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылғандардың 76 пайызы – жалданып жұмыс істейтіндер.

Жалдамалы жұмысшы НЕГЕ көп?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тиісінше, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – барлық жұмыспен қамтылған азаматтардың 31,6 пайызы немесе 2,1 миллион адам. HeadHunter зерттеу орталығы 2019 жылы еңбек нарығының қорытындысын шығарды. Компанияның мәліметінше сәйкес, 2019 жылы бос орындар санының өсімі 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,68 пайыз болған. hh.kz порталындағы жұмыс іздеушілер саны 2,3 миллион адамнан асқан. 

Қазақстанның еңбек нарығында сұранысқа ие келесі кәсіп иелері аталды:  сату (18,2 пайыз), бухгалтерия, басқару есебі және кәсіпорын қаржысы (8,3 пайыз), әкімшілік мамандар (7,2 пайыз), ақпараттық технологиялар, Интернет және телеком (6,5 пайыз), сондай-ақ банктер, инвестициялар және лизинг (6,5 пайыз).

Бос жұмыс орындарын орналастыру бойынша үздік ондыққа Алматы, Нұр-сұлтан және Қарағанды қалалары көш бастады. Атырау мен Шымкент те кем түспеді. Өскемен, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе және Оралда бос жұмыс орындарын орналастыру бойынша көшбасшы қалалардың тізімін түйіндейді. 

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский