USD
USD
USD

Жалдамалы пәтерді есірткі жасыратын шағын өндіріске айналдырған бойжеткен ұсталды

Жалдамалы пәтерді синтетикалық есірткі жасыратын шағын өндіріске айналдырған қарағандылық тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткімен ұсталды
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Қарағанды облыстық полиция департаменті, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс орталығында синтетикалық есірткі жасыратын шағын өндіріс анықталды. Оны жалдамалы пәтерлердің бірінде 23 жастағы бойжеткен ұйымдастырған.

Пәтерге жүргізілген тінту жұмыстары барысында тәртіп сақшылары 500 гр ұнтақ тәрізді заттар, 500 дана зип бумасы, 20 орам изолента және екі таразы тәркіледі.

Тәркіленген ұнтақ тәрізді затқа жасалған сараптама қорытындысына сәйкес, оның жалпы салмағы 498 гр мефедрон синтетикалық есірткісі екені белгілі болды.

Ұсталған азаматша, синтетикалық есірткіні көтерме сауда бағасымен сатып алып, жалдамалы пәтерде орамдарға орап, қала көшелеріне жасырып кетіп жүргенін мойындады. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды. Күдікті азаматшаға қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.

Қазір оқып жатыр

Роналду рекорд орнатқан ойында Португалия Өзбекстанды ойсырата жеңді

.

«Ауылда» да төраға ауысты: Егізбаев орнын босатты

.

Оңтүстікте жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен қуылды

.

26 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент