USD
USD
USD

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Елордадағы «Макси Шай» компаниясында еңбек жағдайына қатысты мәселе ушығып тұр. Жеткізу қызметінде жұмыс істейтін курьерлер жалақының төмендігі мен жұмыс көлемінің көптігіне наразылық білдіріп, басшылықтан жағдайды қайта қарауды сұрады.

.
Фото: astana__sergek

Астана, NEGE. Қызметкерлердің айтуынша, дәл осы жеткізу саласындағы жұмыс көлемі басқа ұқсас компаниялармен салыстырғанда әлдеқайда ауыр болғанымен, еңбекақы төмен.

Олардың сөзінше, басшылыққа бірнеше рет жалақыны көтеру және еңбек жағдайын жақсарту жөнінде өтініш айтылған. Алайда, талап-тілектер ескерусіз қалған.

Курьерлердің мәлімдеуінше, компания басшылығы оларға «не жұмыс істеңдер, не жұмыстан кетіңдер» деген талап қойған. Сонымен қатар, жұмыстан шығатын қызметкерлерге қысым көрсетіліп жатқанын жеткізді. Айтуларынша, жұмыстан кеткен жағдайда «еңбек бабы бойынша жұмыстан шығарамыз» деген ескерту жасалып, жалақының негізгі бөлігін құрайтын бонустық төлемдерді бермеу қаупі де айтылған.

Қызметкерлер бұл мәселеге назар аударуды сұрайды. Олар әділ еңбекақы төлеуді, еңбек жағдайын жақсартуды және қызметкерлер құқығының сақталуын талап етеді.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі