USD
USD
USD

Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған турнир мәресіне жетті

Грек-рим күресінен даңқты палуан Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды.

Грек-рим
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. 3 күнге жалғасқан айтулы додада 10 салмақ бойынша жеңімпаздар белгілі болды.

Жарыс қорытындысы бойынша, бейтарап елдің спортшылары 4 алтынмен жалпы есепте топ жарса, Әзірбайжан — 3 алтын, Қазақстан 2 алтынмен үздік үштікті түйіндеді.

Екінші жарыс күнінің жүлдегерлері:

60 келі
1-орын Оңдасын Хамитов

2-орын Кубануч Аринов (Қырғызстан)

3-орын Құттыбек Абдуразаков (Қырғызстан)

3-орын Алмаз Мазитов (AIN)

67 келі

1-орын Фараим Мустафаев (Әзірбайжан)

2-орын Бағдат Сабаз

3-орын Тавакгул Хазиев (Әзірбайжан)

3-орын Грейр Оганесян (AIN)

77 келі

1-орын Давуд Маммадов (Әзірбайжан)

2-орын Гамзат Гаджиев (AIN)

3-орын Магомед Иарбилов (AIN)

3-орын Канан Абдуллазаде (Әзірбайжан)

87 келі

1-орын Мансур Саитов (AIN)

2-орын Али Темлан Гулиев (Әзірбайжан)

3-орын Бағдат Қуаныш

3-орын Жожу Самадов (Әзірбайжан)

130 келі

1-орын Александр Мелехов (AIN)

2-орын Марко Миланович (Хорватия)

3-орын Жохар Узаров

3-орын Артур Бойчук (Украина)

Қатысушылардың арасында Ресей чемпионы Ерзу Закриев, 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатының қола жүлдегері Руслан Нуруллаев (Әзірбайжан), 20 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының жүлдегерлері Давуд Маммадов, Фараим Мустафаев (Әзірбайжан) сынды өз салмағының мықты балуандары чемпион атанды.

«Қазақ күресінің аңызы, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың турнирінің өткізілуіне атсалысқаныма өте қуаныштымын.

Мен 2015 жылы Рио Олимпиадасының жолдамасы үлестірілген Азия құрлығының іріктеу турнирі, 2019 жылы әлем чемпионаты, 2021 жылы Токио Олимпиадасының құрлықтық жарысына келгенмін. Міне осы жолы төртінші мәрте ат басын бұрдым. Уақыт өткен сайын Қазақстанның ұйымдастыру дәрежесі артып жатқанын байқадым.

Бұл турнир палуандар үшін алдағы ересектер жарысында үлкен көмегі тиеді деп сенемін», — деді UWW техникалық делегаты Сент Левен.

Енді отандық палуандар алдағы сәуір айында Қазақстан чемпионатында бақ сынайды.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

.

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

.

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

таза

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

балта