USD
USD
USD

Жақсылық Омарға рақымшылық жасалмайды – прокуратура

Өскемен қалалық прокуратурасы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Омарға тағайындалған жазаны түсіндіріп, оған ешқандай жеңілдік қарастырылмағанын мәлімдеді.

Жақсылық Омар
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде YK-news.kz басылымы жазды.

Жақсылық Омар бірқатар сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын жасағаны үшін, атап айтқанда, қызметтік жағдайын пайдалану арқылы алаяқтық жасағаны және пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Прокурорлардың мәлімдеуінше, бұл әрекеттер сыбайлас жемқорлық қылмыстары санатына жатады және мемлекеттік қызметтің негіздері мен қоғам сеніміне нұқсан келтіреді.

Осыған байланысты мемлекеттік айыптаушы заңда көзделген барынша қатаң жазаны сұраған. Сот бұл ұстаныммен келісіп, сотталушыны алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

«Қолданыстағы қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдарға рақымшылық актілері мен шартты түрде мерзімінен бұрын босату нормалары қолданылмайды», – деп хабарлады прокуратура өкілдері. 

Сондай-ақ прокурорлар сот үкімі әлі заңды күшіне енбегінін және тараптар оған апелляциялық тәртіппен шағымдана алатынын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Аша Матай мен Тамара Асар Құрылтай сайлауына түседі

Аша Матай мен Тамара Асар

Республикалық маңызы бар автожолдың бірінде 10 күнге қозғалыс шектеледі

шектеу

Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтан мемлекетке 4,7 млрд теңге залал келген

жемқорлық қылмыстары

Euronews арнасы қазақ тілінде жаңалық таратады

Қазақ тілі