USD
USD
USD

Жақыпов пен Отыншиевтің ұсталуы ҰҚК басшысының кетуіне әсер етті ме?

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Ермек Сағымбаев қызметінен кетті. Саясаттанушы Талғат Исмағамбетовтың пікірінше, бұны «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларына қатысты тергеумен байланыстыруға болады.

Ермек Сағымбаев
Фото: Nege

Астана, NEGE. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлығымен Ермек Сағымбаевты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатып, орнына оның орынбасары Марат Ирменовті тағайындады.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияров NEGE-ге берген түсініктемесінде Тоқаевтың бұл шешімін «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларының ұсталуымен байланыстырды. 

Оның айтуынша, Президент әуел бастан «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларына қатысты тергеуден  хабардар болған. Оның сөзінше, аталған іс бойынша сыбайлас жемқорлық сипаты күмән тудырмайды.

Сондай-ақ, Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қатысты оқиғада күштік құрылымдар тарапынан бірқатар олқылыққа жол берілгенін атап өтіп,  ішкі істер министрі Ержан Сәденовке де тәртіптік жаза қолданды.

Осыған байланысты NEGE саясаттанушы Талғат Исмағамбетовтің пікірін сұрады. Ол да ҰҚК басшылығының ауысуын «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларына қатысты тергеумен байланыстырып отыр. 

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің міндеттеріне соңғы жылдары мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардағы сыбайлас жемқорлықпен күрес те кіреді. Осындай заңбұзушылықтардың алдын ала анықталмауы – комитет басшылығының олқылығы болуы мүмкін. Меніңше, жауапкершіліктің негізгі бөлігі ҰҚК-ге жүктеліп, Ішкі істер министрлігіне қатысты шара жеңілірек болды», – дейді саясаттанушы.

Исмағамбетовтің пікірінше, мұндай кадрлық шешімдер бір сәтте қабылданбайды. Ол 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін де күштік құрылымдар мен мемлекеттік органдардағы бірқатар басшының тағайындалғаннан кейін арада бірнеше күн немесе апта өткен соң қызметінен босатылғанын еске салды.

Сонымен қатар, сарапшы күні кеше Қауіпсіздік кеңесінің отырысында ҰҚК мен Ішкі істер министрлігі басшылығының жұмысына баға берілгенін айтты. Оның сөзінше, алдағы уақытта Бас прокуратура қызметіне де осындай баға берілуі мүмкін.

«Ең маңыздысы – "Заң мен тәртіпті" нығайту жұмысы жоғарыдан төменге де, төменнен жоғарыға да жүйелі әрі үздіксіз жүргізіле ме деген сұрақ. Әзірге бұл бастаманың Президент деңгейінде көтерілгенін көріп отырмыз. Алайда өңірлерде әкімдердің кадрлық құрамды тазарту және "Заң мен тәртіпті" нығайту бағытында тиісті шаралар қабылдағанын байқамаймыз», – дейді Талғат Исмағамбетов.

Еске салайық, 11 қарашада ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшысы Елжас Отыншиевті және өзге де адамдарды ұстады. Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген.

Ал 16 қарашада Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалғаннан кейін Президент комитет басшылығымен жиын өткізіп, ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесін реформалауды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Дүниежүзілік банк Қазақстанға «7-20-25» бағдарламасын кезең-кезеңімен жабуды ұсынды

Тұрғын үй

Қамауда 119 бала отыр: министр олардың оқу мәселесін қалай шешпек?

сотталған

Қазақстанда балаларға кешкі мектептерде оқуға тыйым салынуы мүмкін

мектеп БҚО

Қазақстанда туу туралы куәлікке баланың суреті енгізілуі мүмкін

сәби