USD
USD
USD

Жақыпов пен Отыншиев тергеу изоляторына қамалды

«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары 14 қарашада сот санкциясымен қамауға алынды.

Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев
Фото: NEGE/ ЖИ иллюстрациясы

Астана, NEGE. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Комитеттің мәліметінше, күдіктілер 12 қарашада сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«14 қарашада тергеу сотының санкциясымен оларға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», – делінген ҰҚК хабарламасында.

Ведомство Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, істің өзге мәліметтері жария етілмейтінін атап өтті.

Айта кетейік, 11 қараша күні ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшысы Елжас Отыншиевті және өзге де адамдарды ұстады. 

Ал бұған дейін желіде Астанадағы Қонаев көшесіндегі Atlant-6 тұрғын үй кешенінің маңынан долларға ұқсас купюралар шашылып жатқаны түсірілген видео тарады. 

Ұлттық компаниялар басшыларының ұсталуынан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізді. Ол мемлекеттік компаниялардағы жемқорлықтың жай-күйін аса күрделі жағдай деп бағалады.

Сонымен қатар, болған жағдайдан кейін Президент Жарлығымен Ермек Сағымбаевты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатып, орнына оның орынбасары Марат Ирменовті тағайындады. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияров NEGE-ге берген түсініктемесінде Тоқаевтың бұл шешімін «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларының ұсталуымен түсіндірді.

Сондай-ақ, Смадияровтың сөзінше, Тоқаев әуел бастан «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларына қатысты тергеуден хабардар болған. Оның сөзінше, аталған іс бойынша сыбайлас жемқорлық сипаты күмән тудырмайды.

Қазір оқып жатыр

Кеңес Рақышев Украинадағы БТА Банкті сатты: жаңа иесі атауын өзгертпек

Кеңес Рақышев

Шағын бизнеске жеткізу қызметін қалай таңдауға болады: артық шығынға жол бермейтін жеті талап

Курьер мен клиент

Қазақстанда пайдаланушыларды қорғау шараларын күшейту және онлайн-платформалардың жауапкершілігін арттыру ұсынылды

Құрылтай отырысы

Қазақстанда балшы-балгерлер өз қызметінің ғылыми негізі жоқ екенін ескертуге міндеттелуі мүмкін

Балшы