Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Жақында оң шешім болып қалады» – Прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайды Қытай түрмесінен қайтаруға қатысты мәлімдеме жасады

ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтару келіссөздері жалғасып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ақжарқын Тұрлыбай
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында тілшілер: «Әлеуметтік желіде Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға оралды деген ақпарат жарияланды. Бұл қаншалықты рас?» – деп сұраған еді.

Өз кезегінде Ғалымжан Қойгелдиев қазір ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратура Қазақстан азаматын Қытайдан қайтаруға бар күш-жігерін салып жатқанын айтты.

«Бұл жұмыс тоқтамады, яғни белсенді түрде атқарылып жатыр. Жақын арады бұл жағдай бойынша оң шешім болып қалады деп сенемін. Атап айтқанда, бұл бағытта жұмыстар оңай емес», – деді Бас прокурордың орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, бұған дейін Ақжарқын Тұрлыбай жазасын Қазақстанда өтеуге қатысты арызын жолдаған.

Айта кету керек, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Малайзиямен шекарасында есірткімен ұсталған болатын.

Оның жүк сөмкесінен 4,5 келі есірткі табылып, Ақжарқын бұл туралы білмейтінін мәлімдеген. Осы іс бойынша Қытайдың Гуанчжоу соты Ақжарқын Тұрлыбайды есірткі контрабандасымен айыптап, өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық