20 Қыркүйек 15:41
...

Жақын арада Өзбекстан мен Тәжікстанда АҚШ-тың әскери базасы пайда болуы мүмкін

Фото:

АҚШ Өзбекстан мен Тәжікстанға Ауғанстан үкіметінің бұрынғы әуе күштері басып алған 60-тан астам әскери ұшақтар мен тікұшақтарды өз аумағында қалдыруға рұқсат бермекші.

Алматы, NEGE. Бұл жөнінде қазір келіссөздер жүріп жатыр, деп хабарлайды Politico басылымы.

Әңгіме Ауғанстан Әскери-әуе күштерінің ұшақтары мен тікұшақтары туралы болып отыр, онда ауған әскери ұшқыштары «Талибан» қозғалысының шабуылы кезінде отбасыларын осы Ауғанстан әуе күштерінің ұшақтары мен тікұшақтары арқылы Өзбекстан мен Тәжікстанға жеткізген.

Бұл ұшақтарды бір кездері АҚШ Ауғанстанға берген. Пентагонның мәліметінше, ұрланған ұшақтардың 46-сы Өзбекстанда, 18-і Тәжікстанда болған. Оның ішінде Ми-17, UH-60 тікұшақтары мен ПК-12, С-208, АС-208 және А-29 ұшақтары бар. 

Талибандар оны Ауғанстанға қайтаруды талап етіп отыр. Өйткені бұл ұшақтар мен тікұшақтар Ауғанстанға тиесілі.

Басылымның хабарлауынша, АҚШ Өзбекстан мен Тәжікстан үкіметтеріне терроризммен күрес аясында осы елдермен әскери ынтымақтастық туралы бейресми келісімнің орнына ұрланған ұшақтарды өздеріне қалдыруға рұқсат беруді жоспарлап отыр.

Келісім барлау мәліметтерімен алмасудан бастап, Ауғанстандағы террористік әрекетті бақылау үшін аталмыш елдердің аумағында әскерлерді орналастыруға дейінгі кез келген жоспарды қамтуы мүмкін.

Бұған дейін Өзбекстан президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Исматулла Иргашев республика өз территориясында тоқтаған әскери тікұшақтар мен ұшақтарды Америка билігіне қайтаратынын мәлімдеген болатын.

Тегтер: