USD
USD
USD

Жайын мен көксерке балықтарын экспорттауға тыйым салынуы мүмкін

Қазақстан аумағынан мұздатылған жайын мен көксерке балықтарын әкетуге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы ашық талқыға шығарылған Балық шаруашылығы комитеті төрағасының бұйрығында жазылған.

Жайын мен көксерке балықтарын экспорттауға тыйым салынуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жаңа мұздатылған немесе салқындатылған жайын және көксерке балықтарын шығаруға 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», - деліген құжатта.

Бұйрыққа қосымша түсіндірмеде бұл - балық шикізаты тапшылығын болдырмау мақсатында қабылданып отырғаны жазылған.

«Статистика деректері бойынша өңделмеген балық экспортының жалпы балық экспортындағы үлесі 55%. Былтыр барлық өңдеу кәсіпорындарының жалпы өндірістік қуаты 31,2 мың тонна балықты өңдеді. Бұрын бұл меже жылына 142 мың тоннаға жуық болатын. Яғни, былтыр кәсіпорындардың жүктемесі 22%-ды құрады. Кәсіпорындардың жұмыс істемеунің себептерінің бірі балық шикізатының жетіспеушілігі. Осы мәселе бойынша Экология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы субъектілерімен, бизнес өкілдерімен және барлық мүдделі тараптармен шектеулер енгізу мәселесін талқылау бойынша бірқатар кеңес өткізді.

Осыған байланысты талқылау барысында айтылған кәсіпкерлердің пікірін ескере отырып, бастапқы кезеңде 6 ай мерзімге Қазақстан аумағынан экспорттағы үлесі 10%-дан аз жаңа мұздатылған балықтардың экспортын шектеу ұсынылады. Бұл жайын мен көксеркеге қатысты», - деп түсіндірме берілген бұйрыққа.

Құжат 14 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті