USD
USD
USD

Жайықта қанша киік бар?

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Парламент өкілдерінің депутаттық сауалына берген жауабында «Бөкейорда» табиғи резерватының құрылысы туралы мәлімет берді.

Жайықта қанша киік бар?
Фото: NEGE.kz
Алматы, NEGE. «Қазақстан аумағында Бетпақдала, Жайық және Үстірт киіктерінің әлемдік популяциясының 95% -дан астамы мекендейді. Бүгінгі таңда Жайық киіктерінің популяциясы 217 мың басқа жетті немесе бұл Қазақстандағы барлық киіктің 65%-ы деген сөз. Жайық киіктерінің тіршілік аясын сақтау үшін Батыс Қазақстан облысындағы «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватын және Ащыөзек мемлекеттік табиғи қаумалын құру бойынша бірқатар іс-шара жүргізіліп жатыр» - деп жазылған жауапта.
 
Роман Склярдың айтуынша, Батыс Қазақстан облысында табиғи резерават пен қаумал құру үшін заңнаманың жекелеген талаптарын орындау қажет, оның ішінде келесі іс-шаралар орындалған:
 
1) штаттық саны 78 бірлік, жалпы алаңы 343 040,1 га резерват және жалпы алаңы 314 504 га қаумал құру үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді және мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы алынды;
 
2) «Республикалық маңызы бар Ащыөзек мемлекеттік табиғи қаумалын және «Бөкейорда мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Үкімет қаулысының жобасы әзірленді.
 
3) Мемлекет басшысы резерват пен қаумалдың қызметін қамтамасыз ету үшін штат санын бөлуді мақұлдады;
 
4) Қазіргі уақытта 2021 жылға арналған резерват пен қаумал құру үшін бюджеттік өтінім қалыптастырылып, ол республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізіледі. 

Қазір оқып жатыр

Бектенов: мемлекеттік қызметшілер Aitu-ды пайдалануы керек

Олжас Бектенов

ДСМ ЭКО мен бедеулікті емдеуді күндізгі стационар қызметтерінің тізіміне енгізді

ЭКО

Қазақстан 2027 жылдың соңына дейін 3G желісінен толық бас тартады

Жаслан Мәдиев

Грузияда суррогат ана қызметіне толық тыйым салынуы мүмкін

суррогат ана