USD
USD
USD

Жахан Отарғалиев балалы болуға қатысты: «Маған берген сынақты сіздерге бермесін»

Былтыр отау құрған Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидашқа ең жиі қойылатын сауалдардың бірі бала жайында.

Жахан Отарғалиев балалы болуға қатысты: «Маған берген сынақты сіздерге бермесін»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Үйленгендеріне жарты жылдан енді асқан жұпқа туыс-таныстардан бөлек, инстаграм оқырмандары да маза бермейтін көрінеді. Жахан Балжан екеуінің мазасын алғандарға жауап берді. «Соңғы уақыттары маған жиі қойылып кеткен сұрақ «Қашан әке атанасың, үйленгендеріңе біраз болды ғой?». Біреулер шын жаны ашып айтса, ал біреулер әдейі сұрайды.

Менің ең басты арманым ол – әке атану. Алла Құранда айтқан қалағанына қыз, қалағанына ұл беремін, ал қалағаныңды бедеу қылып қоямын деген. Бұл да сынақ шығар, өйткені Алла баламен де сынайды, мысалы қазір қанша бала өмірге ауру болып келіп жатыр, инстаграмды ашып қарасаң "балама көмектесіндерші" деген қаншама видео көреміз, керісінше Аллах мені қорғап жатқан шығар, не десек те маңдайыма жазғанын көреміз, үйленді болды сразу бала болу керек деген шарт жоқ, естеріңде болсын біреуге күлме сол күн өзіңе келмесіне кім кепіл. Аллах маған берген қандай да сынақты сіздерге бермесін. Осымен бұл теманы жабайық, жақсы ойда болайық өткені уақыты келгенде шаңнын тозаңындай нәрсеге жауап беретін кезге жақындап келе жатырмыз, қазір ең бастысы көбірек сауапты іс, жақсылық жасауға ұмтылайық», – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары Жаханға қолдау білдірді. «Аллах қаласа кішкентайлы болыңыздар. Біреуге ерте, біреуге кеш, біреулер бар сол балапандардың қадірін білмей неше түрлі айуандық жасап жатқан. Балапандар ауырмасын, балапандар жыламасын, сіздің де үйден іңгәләгән сәбилер келе берсін», – деп жазды олар.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.