USD
USD
USD

«Жағдай мәз емес»: Бектенов «Самұрық-Энерго» басшысына қатаң ескерту жасады

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Алматыдағы үшінші жылу электр орталығының (ЖЭО-3) құрылысының баяу жүруіне байланысты «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовты қатаң сынға алды.

Алматы, 3-ЖЭО
Фото: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Бүгін Үкіметте 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды. 

Отырыс барысында Олжас Бектенов «Самұрық-Энерго» басшысын қатаң сынға алды. Ол өткен аптада энергетика министрі Алматыдағы екінші және үшінші ЖЭО құрылысының барысын тексергенін айтып, үшінші жылу электр орталығындағы жұмыстардың қарқынына көңілі толмайтынын жеткізді.

«Өткен аптада энергетика министрі Алматыға барып, екінші және үшінші ЖЭО-ны тексеріп келді. Үшінші ЖЭО бойынша жағдай мәз емес, жұмыс қарқыны өте төмен. Егер жылдың аяғына дейін бітірмесеңіздер, сіздің жеке жауапкершілігіңіз қатаң түрде қаралады. Күнделікті бақылауға алыңыз. Бұндай жағдайды доғару керек», – деп ескертті Олжас Бектенов Қайрат Мақсұтовқа.

Премьер-министр Энергетика министрлігі мен «Самұрық-Қазына» қорына Алматыдағы энергетикалық нысандардың, сондай-ақ Түркістан облысындағы бу-газ қондырғысы жобасының белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Оның айтуынша, стратегиялық маңызы бар энергетикалық жобалардың кешігуіне жол берілмеуі тиіс.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда медициналық ұйым басшыларының әрбір бесіншісі тестілеуден өте алмаған

МӘМС

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду

Әкім қабылдауына келген тұрғындарды неге ұялы телефонына түсірген?

Аманжол Мырзабеков

Қазақстанның газ саласында 24 млрд теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылықтар анықталды

газдандыру