USD
USD
USD

Жабай өзенінде су деңгейі төмендеді

Ақмола облысының Атбасар ауданында Жабай өзеніндегі су деңгейі 5,5 метрден 5 метрге дейін төмендеді, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жабай
Фото: Kazinform

Алматы, NEGE. Айта кетейік, 11 сәуірде Атбасар ауданында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланған болатын.

Әкімдіктің ақпараты бойынша, Атбасар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары су тасқыны кезінде халыққа берілетін ауыз судың сапасын бақылау мақсатында қала көшелеріндегі сумен жабдықтау жүйелерінен су сынамаларын алды.

Мамандар суды пайдаланудан қорқудың қажеті жоқ екенін алдын ала растады және сараптама нәтижелері жақын арада жарияланатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар Атбасар қаласының бүлінген көше жолдарын қалпына келтіру, сондай-ақ су басқан аулалардан су айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккен тұрғындар су тасқынынан туындаған шығындарын өтеу үшін өтемақы алуға өтініш беріп жатыр.

Еске салсақ, осы жылдың 11 сәуірінде Атбасар ауданында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. 12 сәуірде ауданда төтенше жағдай салдарынан келтірілген материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия құрылды.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net