31 Мамыр 11:26

Зейнеткердің телефонын алып, шотындағы ақшасын жымқырған астаналық қолға түсті

Полиция
Фото: Полиция

Елорда полициясы зейнеткердің телефонын алып, шотындағы барлық жиған-тергенін жымқырған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Полицияға 71 жастағы қала тұрғыны арыз беріп, бейтаныс біреу оның құны 100 мың теңге тұратын Samsung телефонын тартып алғанын айтқан. Жас жігіт жәбірленушінің орындығының қасына келіп отырған. Зейнеткермен сөйлескеннен кейін ол қолындағы ұялы телефонын жұлып алып, ізін суытқан. Кейін қаскүнем мобильді банкинг арқылы жәбірленушінің банктік шотынан 475 мың теңге көлеміндегі қаражатты иемденген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Байқоңыр аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қарақшылық шабуылмен айналысқан 31 жастағы Павлодар облысының тұрғынын ұстаған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіледі. Шабуыл жасаған адам ПД уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.