USD
USD
USD

Бейнеулік зейнеткер Парижде өтетін олимпиадаға велосипедпен аттанды

Велосипедші Раббим Борашев Парижге аттанды, деп хабарлады 24KZ.

Зейнеткер
Фото: azattyq-ruhy.kz

Алматы, NEGE. Бейнеу ауылының зейнеткері Францияда өтетін жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасына жанкүйер болуға бел буған. Ақтаудан Бакуге ұшақпен ұшып келген ол сол жерде велосипедке ауысып, жолға шыққан. Қазір зейнеткер Стамбул, Будапешт, Вена және Мюнхен арқылы өтетін жолмен Тбилиси – Батуми тас жолы бойымен қозғалуда. Жоспар бойынша кем дегенде бес мың шақырымды бағындыру көзделген.

Айта кетейік, Раббим Борашев – құрылыс саласының ардагері. Және бұл оның алғашқы ұзақ қашықтыққа велошеруі емес. Бұрын ол Алтайға дейін жеткен.

Олимпиадаға бару – менің арманым. Соңғы жылдары мен велоспортқа қызыға бастадым, тіпті бірнеше жарыстарға қатыстым. Енді үлкен жоспарларым бар. Мен жеті мемлекеттің аумағын кесіп өтпекшімін. Маусым айында Түркияға кетемін, – дейді велошабандоз Раббим Борашев.

 

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық