USD
USD
USD

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Әлеуметтік желілерде зейнетақы төлемдерінің 20 пайызын ұстап қалатыны туралы ақпарат тарады.

Зейнетақы
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі бұл ақпаратты теріске шығарды.

«Белгісіз тұлғалардың deepfake технологияларын пайдалана отырып, "ынтымақты зейнетақы төлемдері 20%-ға қысқартылады" деген жалған мәліметі бар бейнероликтер таратып жатқанын хабарлаймыз. Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», – делінген хабарламада.

Министрлік өкілдері қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделгенін еске салып өтті.

Ведомство мәліметінше, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшері Ұлттық банк айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10%-ға артты. Қазіргі уақытта базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге, ал ең жоғары мөлшері – 60 005 теңге.

 

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан «Центр плова Loft» ісі бойынша үш адамға үкім шықты

жарылыс

Тіпті жақын туысыңызға да қарыз бермеген дұрыс – қаржы маманы

Әсел Әуелбекова

Қырғызстан билігі қазақ журналисінің стадион құны туралы мәліметіне жауап берді

Бішкек Арена

Қытайға кіру ережелері өзгереді: FlyArystan жолаушыларға үндеу жасады

Әуежай