USD
USD
USD

Зейнетақы жинағына берілетін мемлекеттік кепілдік неге алынып тасталуы мүмкін?

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та зейнетақы жинағына берілетін мемлекеттік кепілдікті алып тастау мәселесі талқыланып жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынылып отырған өзгерістің себебін түсіндірді.

.
Фото: Pixabay.com

Астана, NEGE. Министрліктің мәліметінше, мемлекеттік кепілдік 2003 жылы, салымшылардың зейнетақы жинақтарын қалай инвестициялау керектігін өздері таңдай алмайтын кезеңде енгізілген. Ол кезде инвестициялық саясатты мемлекет белгілеп, азаматтардың жинағын басқарған. Сондықтан жинақтың инвестициялық табысы инфляциядан төмен болған жағдайда, айырмасын өтеу міндетін мемлекет өз мойнына алған.

Қазір салымшыларға зейнетақы жинағының бір бөлігін жеке инвестициялық басқарушы компанияларға беру және инвестициялық стратегияны таңдау мүмкіндігі берілген. Осыған байланысты министрлік мемлекеттік кепілдіктің бұрынғы негіздемесі өзектілігін жоғалтты деп есептейді.

«Яғни, басқарушыны өз қалауымен таңдаған салымшы күтілетін табыстылықты, тәуекелдерді және активтерді басқару шарттарын өзі бағалап, инвестициялық шешімді дербес қабылдайды. Мұндай жағдайда салымшының өзі қабылдаған инвестициялық шешімдердің нәтижесі үшін мемлекетке өтемақы төлеу міндетін жүктеу мемлекеттік ресурстарды әділ пайдалану қағидаттарына сәйкес келмейді», – делінген хабарламада.

Министрлік мемлекеттік кепілдік азаматқа бір рет төленетін өтемақы екенін де атап өтті. Ол болашақта ай сайын төленетін зейнетақының көлеміне тікелей әсер етпейді. Сол себепті кепілдік зейнетақының жеткілікті болуын қамтамасыз ететін негізгі құрал саналмайды.

Сонымен қатар министрлік ұсынылған өзгерістер мемлекеттің зейнетақы жинақтарының сақталуына қатысты жауапкершіліктен толық бас тартатынын білдірмейтінін мәлімдеді. Зейнетақы активтерін басқару жүйесі бұрынғыдай бірнеше деңгейден тұратын мемлекеттік бақылауда қалады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы