USD
USD
USD

Зейнетақы қорындағы жинақты алып беремін деп алдаған ақтөбелік ұсталды

Ақтөбе полицейлері тұрғынды зейнетақы жинағындағы ақшасын алып беретінін айтып алдап, 130 мың теңгесін алған күдікті әйел адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Ішкі істер министрлігі
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында зейнетақы қорынан ақшасын алуға көмектесетінін айтып алдап, Ақтөбе тұрғынының ақшасын иеленген күдікті әйелді полиция бөліміне жеткізді.

Тергеп-тексеру барысында күдікті 48 жастағы ақтөбелік тұрғынның зейнетақы жинағын алып беретінін айтып, өз қызметі үшін одан 130 мың теңгеге жуық ақша алғаны анықталды. Жәбірленуші оны ортақ таныстары арқылы тауып, ұялы телефон арқылы байланысқан және ақшаны күдікті көрсеткен шотқа банктік қосымша арқылы аударған.

Алайда уәде етілген зейнетақы қорындағы ақшасын да, өз ақшасын да қайтарып ала алмаған тұрғын полицияға арызданды. Қазіргі таңда полиция қылмыстық іс қозғап, алаяқтық дерегі бойынша күдіктіге қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіліп жатыр.

Ақтөбе облысының полиция департаменті тұрғындарды күмәнді мәмілелер жасау мен қызметтерді делдалдар арқылы алудан бас тартуға, сондай-ақ белгісіз адамдарға алдын ала төлемдер жасамауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

.

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

.

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Теңізшевройл

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты «бос сөз» алаңына айналдырмауға үндеді

Александр Лукошенко