Референдум Референдум
USD
USD
USD

Зейнетақы қорынан заңсыз алынған ақша кері қайтарылмайды

Жалған стоматологиялық клиникалар арқылы зейнетақы қорынан заңсыз алынған 200 млрд теңге кері қайтарылмайды. Азаматтарға да еш талап қойылмайды. ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов бұл жағдайда нақты кімдердің жауапқа тартылатынын айтып берді.

Зейнетақы, ақша, есеп
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, халыққа бұл ақшаны қорға қайтарудың қажеті жоқ. Мұнда қордан заңсыз ақша шығарумен айналысқандар ғана қылмыстық жауапқа тарылады.

– Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бұл қаражатты инвестициялап, зейнет жасына дейін инвестициялық табыс табу мүмкіндігінен айырылды. Сондықтан бұл жағдайда жәбірленуші тарап – БЖЗҚ. Азаматтарға ешқандай талап қоймаймыз, олар өз ақшаларын алды. Иә, мерзімінен бұрын алды. Бірақ қаражатты заңсыз шығарумен айналысқан тұлғалар қылмыстық жауапқа тартылады. Бүгінгі күні бірқатар тұлға қамауға алынды, іс тергеліп жатыр, - деді Жеңіс Елемесов Мәжіліс кулуарында.

Агенттік өкілінің дерегінше, қазір қылмыстық іс тергеуі тек Атырау облысындағы клиникалар бойынша жүріп жатыр. Дегенмен басқа өңірлерде де ондай қылмыстық істер болуы мүмкін.

– Атырау облысы бойынша 5 топ қылмыс жасап, 200 миллиардтан астам ақшаны қордан заңсыз алған. Ол жерде қазір 7 адамды қамауға алдық. Тағы біраз адам күдікке ілінді, жақында олар бойынша шешім қабылдаймыз. Көпшілігі – жалған клиника құрғандар. Олардың еш жабдығы болмаған, заңсыз түрде лицензия алып, құжаттарды қолдан жасау арқылы зейнетақы қорынан қаражат алуға мүмкіндік жасаған. Лицензия берген және бұл қызметті бақылауға тиіс уәкілетті органдарға тергеу барысында құқықтық баға беріледі, – деді Жеңіс Елемесов.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда