USD
USD
USD

Зейнет жасындағы академиктерге өмір бойы 221,5 мың теңгеден стипендия төленеді

Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық ғылым академиясының зейнет жасындағы академиктеріне өмір бойына ай сайын төленетін стипендияның мөлшерін белгілеу және төлеу қағидаларын реттейтін қаулы жобасын көпшілік талқылауына шығарды.

Ақша
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендияның мөлшері 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгілесін және оны төлеу қағидалары бекітілсін», - деп жазылған қаулы жобасында.

Стипендия алуға үміткер академик Ұлттық ғылым академиясына мына құжаттарды өткізу керек:

1) еркін нысанда стипендияны төлеуге өтініш;
2) ҰҒА академигі мәртебесін растайтын құжат (ҰҒА академигі мәртебесін беру туралы ҰҒА отырысының хаттамасынан үзінді);
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі);
4) екінші деңгейдегі банк айқындайтын нысан бойынша шоттың болуы туралы банк анықтамасы.

Стипендия төлеу мынандай жағдайларда тоқталады:
1) ҰҒА академигі қайтыс болса (қайтыс болу туралы анықтама/куәлік);
2) ҰҒА академигі хабар-ошарсыз кетсе немесе қайтыс болды деп жарияланса;
3) ҰҒА құрамынан шығарылса (ҰҒА төралқасы отырысының хаттамасынан үзінді);
4) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылса.

Қаулы биылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Ұлттық ғылым академиясының ресми сайтындағы мәлімет бойынша, ҰҒА құрамындағы 252 мүшенің 163-і академик, 89-ы корреспондент-мүше, 16-сы шетелдік және 94-і құрметті мүше, 41-і ұжымдық мүше, 6 -ауы — профессор.

Қазір оқып жатыр

Астанадағы фельдшер қазасы: прокурор МИБ басшысының 2 жылға бас бостандығын шектеуді сұрады

прокурор Саяжан Серікова

Мәслихат депутаттары қайта сайланады: Тоқаев Жарлыққа қол қоятынын айтты

Қазақстан Халық Кеңесі

Тоқаев: Қандай да бір тілге қарсы күресу – Жаратқанға қарсы шығумен тең

Қасым-Жомарт Тоқаев

Алматыда түнде ҚазҰУ кешеніндегі Студенттер сарайының төбесі опырылып түсті

Төбесі опырылып түскен студенттер сарайы