USD
USD
USD

Зеленский венгриялық барлау дрондары Украинаның әуе кеңістігін бұзып кіргенін мәлімдеді

Украина әскерилері барлау дрондарының елдің батыс аймағындағы әуе кеңістігін бұзғанын тіркеді. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді, деп жазды  "Украинскую правду" басылымы.

З
Фото: x.com/zelenskyyua

Алматы, NEGE. "Бас қолбасшы украин-венгр шекарасында дрондармен болған оқиғалар туралы есеп берді. Әскерилеріміз әуе кеңістігімізге барлау дрондарының кіргенін тіркеді, және бұл венгр дрондары болуы ықтимал. Алдын ала болжам бойынша, олар Украинаның шекараға аудандарындағы өнеркәсіптік нысандарға барлау жүргізген болуы мүмкін. Барлық қолдағы деректерді тексеріп, тіркелген әр факт бойынша дереу есеп беруді тапсырдым", – деді Зеленский.

Зеленский өз әскерилеріне егер венгр барлау дрондары қайтадан Украина әуе кеңістігін бұзса, тиісінше әрекет етуге тапсырма берді. Сондай-ақ ол қазір Украинаның кез келген дроннан қорғану бойынша Еуропада ең үздік екенін атап өтті.

Ал Венгрия билігі Украина президентінің мәлімдемесін жоққа шығарды. Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сийярто Facebook парақшасында Зеленскийді "антивенгрліктен есінен адасты" деп жазды.

Сийярто Facebook-тегі алдыңғы жазбасында соңғы он жыл ішінде Украина "антивенгрлік саясат жүргізіп келе жатқанын" атап өтті. Венгрия сыртқы істер министрі мысал ретінде Закарпат облысындағы этникалық венгрлердің құқықтарының шектелуін және "Дружба" атты Ресей мұнай құбырына жасалған шабуылдарды көрсетті.

Киевтің осындай "антивенгрлік саясатына" бірнеше мысалын келтірген Сийярто Венгрия билігінің Украинаның Еуропалық одаққа қосылу өтінішін қолдамайтынын ашық айтты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

.

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар