Зеленский Үндістанда Украина бойынша конференция өткізуге ниетті
Украина президенті Владимир Зеленский Нью-Дели бірінші саммиттің коммюникесіне қол қоюға келіскен жағдайда Украина бойынша келесі конференцияны Үндістанда өткізуді ұсынды, деп жазды Hindustan Times газеті.
Алматы, NEGE. "Ол (Зеленский) (Үндістан премьер-министрі Нарендра) Модиге бейбітшілік саммиті Үндістанда өтуі мүмкін екенін айтты", - деп жазды басылым.
Зеленскийдің айтуынша, ол үшін Үндістан бірінші конференцияның шешімін қабылдауы керек.15-16 маусымда Швейцарияда Люцерн қаласының маңындағы Бюргеншток курортында Украинаға арналған конференция өтті. 90-нан астам ел, сондай-ақ ЕО, Еуропа Кеңесі және БҰҰ сияқты сегіз ұйым конференцияға қатысатынын растады.
Конференцияға АҚШ президенті Джо Байден, сондай-ақ Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва келмеді. Швейцария Ресей Федерациясына Украинаға қатысты саммитке қатысуға шақыру жібермеді.
Кремль Украинадағы қақтығыстағы жағдайды Ресейдің қатысуынсыз шешудің жолын іздеу қисынсыз деп мәлімдеді.Конференция қорытындысы бойынша бірлескен коммюникеде Запорожье атом электр станциясына бақылауды Киевке қайтару, сонымен қатар Қара және Азов теңіздерінде еркін жүріп-тұруға, барлық әскери тұтқынды айырбастауға және босатуға шақырулар бар. Сондай-ақ құжатта қақтығысты тоқтату үшін барлық тарап арасындағы диалогтың қажеттілігі туралы айтылады.
Конференцияғс қатысушылардың 91-інің 77-сі ғана коммюникені қолдады.Алғашында құжатқа Бразилия, Үндістан, Оңтүстік Африка, БАӘ және Сауд Арабиясы, сондай-ақ Армения, Бахрейн, Индонезия, Ливия, Мексика және Таиланд қол қоймағаны анықталды.Кейін Ватиканның баспасөз қызметі РИА Новости агенттігіне Ватиканның Украина бойынша саммит декларациясына қол қоймағанын хабарлады. Тіпті, кейінірек Ирак пен Иорданияның Украина бойынша конференциядан кейін бірлескен коммюникеге қол қойған елдер тізімінен шығарылғаны белгілі болды.