USD
USD
USD

Зеленский тұтқынға түскен солтүстік кореялық сарбаздарды көрсетіп, Ким Чен Ынға үндеу жасады

Владимир Зеленский КХДР президенті Ким Чен Ынға Украина қарулы күштері Курскіде тұтқынға алған солтүстік кореялық сарбаздарды беруге дайын екенін жеткізді. Алайда Зеленскийдің Ким Чен Ынға бір шарты бар. 

Сарбаздар
Фото: @zelenskyy_official

Алматы, NEGE. Украина президенті Владимир Зеленский Солтүстік Кореяның тұтқынға алынған сарбаздарын көрсетті. Тұтқындардың бірі Украинада қалуға ниет білдірген, екіншісі КХДР-ға оралғысы келеді.

«Ким Чен Ын біздің Ресейде тұтқынға алынған сарбаздарымызды айырбастауды ұйымдастыра алса, Украина солтүстік кореялық тұтқындарды беруге дайын. Еліне қайтып оралғысы келмейтін солтүстік кореялық сарбаздар үшін басқа нұсқалар болуы мүмкін. Мұндай мүмкіндік Кореяда осы соғыс туралы шындықты тарату арқылы бейбітшілікті жақындатуға ниет білдірген корейліктерге беріледі», - деді Зеленский.

Владимир Зеленскийдің айтуынша, екі сарбаз жараланып, Киевке жеткізілген. Қазір олардан Украина қауіпсіздік қызметінің тергеушілері жауап алып жатыр. 

солтүстік корея
@zelenskyy_official

Сонымен қатар Украина президенті солтүстік кореялық сарбаздардан жауап алынғансәті көрсетілген видеоны жариялады. Олар Украинаға оқу-жаттығуға келгендерін және әскери операцияларға қатысу туралы ештеңе білмейтіндерін айтқан.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясына жасалған шабуыл кезінде 12 адам қаза тапты: Қазақстан СІМ мәлімдеме жасады

СІМ ғимараты

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған адам ұсталды

.

Қазақстандықтар такси шақыра алмай жатыр: «Яндекс Go» жұмысында ақау шықты

такси

Қайрат Нұртастың концертіндегі дүрбелең: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

ұрлық