USD
USD
USD

Зеленский Трамптан қақтығысты реттеу туралы ұсыныс талап етті

Украина басшысы Владимир Зеленский 2025 жылдың қаңтарында Дональд Трамптан Ресеймен қақтығысты реттеу туралы ұсыныс алғысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлады жергілікті Укринформ агенттігі.

Владимир
Фото: Reuters

Алматы, NEGE. Қараша айында Зеленский АҚШ-тың сайланған президентінің ықпалы зор екенін еске салып, егер Трамп көмек көрсетпесе, Украина қақтығыста жеңіліп қалуы мүмкін екенін айтқан.Welt газеті Зеленскийдің АҚШ-тың сайланған президентімен кездесуге тырысып жатқанын хабарлады.

"Мен Америка Құрама Штаттарының жаңа президентінің ұсынысын тыңдағым келеді. Біз оны қаңтарда аламыз деп ойлаймын, сол кезде бізде бұл соғысты аяқтау жоспары болады", - деп түйіндеді Зеленский.

Ол сондай-ақ "Африка, Азия елдерінің, араб мемлекеттері лидерлерінің ұсынысын тыңдауға қарсы емес екенін жеткізді.

Еске сала кетейік, АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты келіссөз арқылы реттеуге уәде берді. Бұған қоса, ол Украинадағы жанжалды бір күнде шеше алатынын бірнеше рет мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Ризван Гусейнов: Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналады

.

«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 62,2 млрд теңге бөледі

«Самұрық-Қазына»

Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды

Теміржол апаттар медицинасы госпиталі

Ақтауда автогаз құю бекеттеріндегі кезек азайды

Ақтау