USD
USD
USD

Зеленский мен Трамп телефон арқылы сөйлесті

Украина президенті 5 тамызда Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеді.

Трамп пен Зеленский
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE.Бұл туралы ол Telegram-арнасында жазды.

«Президент Трамппен өнімді әңгіме болды. Ең бастысы – соғысты тоқтату. Әділ және ұзақмерзімді бейбітшілік орнатуға бағытталған барлық күш-жігері үшін АҚШ президентіне алғыс айтамыз. Шынымен де, адам өлімін мүмкіндігінше тезірек тоқтату керек, біз бұны толық қолдаймыз. Егер ресейліктер созбаса, бірнеше ай бұрын-ақ соғыс аяқталуы мүмкін еді», – деді Зеленский.

Оның айтуынша, бүгін олар Украина мен АҚШ-тың ұстанымдарын үйлестірген.

«Біздің қорғанысымызға көмектесе алатын бірлескен еуропалық шешімдерді талқыладық. Қазірдің өзінде Нидерланд, Швеция, Норвегия және Даниядан – АҚШ қаруына бөлінетін 1 миллиард доллардан астам көмек туралы шешімдер қабылданды. Рақмет! НАТО елдерімен бұл ынтымақтастық жалғасады», – деп қосты Украина президенті.

Бұған дейін Трамп Ресейге Украинадағы қақтығысты реттеу үшін 10-12 күн бергені хабарланған.

Қазір оқып жатыр

Шетелдік блогермен видеоға түскен полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылды

.

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.