USD
USD
USD

Зеленский: «Еуропаға газ транзитін тоқтату – Путиннің жеңілісі»

 Ресей газының Еуродаққа транзиті ресми түрде 1 қаңтарда тоқтатылды. 

Газ транзиті
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл туралы Украинаның энергетика министрлігі хабарлады. 

– Сағат 07:00-де ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін Ресейдің табиғи газын Украина аумағы арқылы тасымалдау тоқтатылды. Украина белгіленген тәртіп бойынша шетелдік серіктестерге хабар берді, – делінген министрліктің мәлімдемесінде.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей газының Украина арқылы транзитінің тоқтатылуы Ресей мен оның президенті Владимир Путин үшін ең ауыр жеңілістің бірі екенін айтты. 

«25 жылдан астам уақыт бұрын Ресейде Путинге билік берілген кезде, Украина аумағы арқылы Еуропаға жыл сайынғы газ жеткізу 130 миллиард текше метрден астам болды. Бүгінгі таңда ресейлік газдың транзиті – 0. Бұл – Мәскеудегі ең үлкен жеңілістерінің бірі», – деп атап өтті Зеленский.

Президент энергетикалық ресурстарды қару ретінде пайдалану және энергетикалық бопсалау Ресейдің негізгі нарық – Еуропадан айырылуының басты себебі екенін де тілге тиек етті. 

Қазір оқып жатыр

729 казақстандық мемлекеттен алатын жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

көмек

ММА-ден әлем чемпионы Зейнеп Оразхан допинг үшін алтынынан айырылып, үш жылға жарыстардан шеттетілді

Зейнеп Оразхан

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль