«Зеленский Ақ үйден шығып кетті» –АҚШ пен Украина минералдар бойынша келісімге қол қоймады

АҚШ пен Украина арасында сирек кездесетін металдар бойынша келісімге қол қойылмады.
Алматы, NEGE. АҚШ пен Украина президенттерінің Вашингтонда өткен кездесуі аяқсыз қалды. Тараптар Украинаның жер қойнауы туралы аралық келісімге қол қоймады. Олар жабық есік жағдайындағы қызу пікірталастан соң кездесуді шұғыл тоқтатты.
«Мен президент Путинмен сөйлестім, біз сізге де, оған да қолайлы нәтижеге жеткізуге тырысамыз, бірақ біз оның шеңберін белгіледік », - деді Дональд Трамп.
Кездесуге вице-президент Джей Ди Вэнс те қатысты. Ол Зеленскийді Трамптың көмегіне алғысын білдірмегені үшін сынады.
«Бұл кездесуде сіз бірде-бір рет "рахмет" айттыңыз ба? Сіз қазан айында Пенсильванияға барып, оппозиция үшін насихат жүргіздіңіз. АҚШ-қа және сіздің еліңізді құтқаруға тырысқан президентке алғыс айтудың орнына», — деді Вэнс.
Зеленский АҚШ президентіне жауап беруге тырысып, «Мистер Президент, мен айта аламын ба?» деп сұрады. Трамп оған: «Жоқ. Сіз әлдеқашан көп нәрсе айттыңыз», — деп жауап берді.
«Сіз біздің елге құрметсіздік танытып отырсыз. Сіз алғыс білдіруіңіз керек. Адамдар өліп жатыр, әскери күштеріңіз жетіспейді. Сіз бізге тоқтатуды немесе тоқтатпауға қатысты ештеңе айта алмайсыз», — деді Трамп Зеленскийге.
Зеленский Ақ үйден шығып кетті.
Зеленский мен Трамптың баспасөз конференциясы тоқтатылды. Ақ үй екі президенттің дауынан кейін бірлескен баспасөз конференциясының тоқтатылғанын растады.
Владимир Зеленскийді құрметсіздік танытты деп айыптаған Дональд Трамп, бірден Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазба қалдырды.
Оның ойынша, Украина президенті бейбітшілікке дайын емес.
«Бүгін біз үшін өте маңызды кездесу болды. Біз осындай қызу әңгіменің және қысымның әсерімен болмаса басқадай жағдайда еш түсінуге болмайтын нәрселер туралы білдік.
Бұндай эмоциядан нені түсінуге болады. Менің түсінгенім, Зеленский АҚШ араласқалы отырған бейбітшілікке дайын емес. Ол біздің қатысуымыз келіссөздер барысында оған үлкен басымдық береді деп ойлайды.
Маған басымдық керек емес, маған бейбітшілік керек. Ол бізге құрметсіздік танытты. Ол бейбітшілікке дайын болған кезде келе алады», – деп жазды АҚШ президенті.