USD
USD
USD

Зеленскийге де айыппұл салды

 Украина президенті Владимир Зеленскийге, оның кеңсесінің басшысы Андрей Ермакқа, елдің бас санитар дәрігері Виктор Ляшкоға және басқа да шенеуніктерге әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлайды LIGA.net.

Зеленскийге де айыппұл салды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Владимир Зеленский карантин ережесін бұзған. Ол Хмельницкий қаласында кафеге барып, кофе ішкен. Оған айыппұл салынғанын президент Черниговтегі брифингте журналистерге мәлімдеді. 

"Масканы шешуге болады, солай жақсырақ естіледі. Әйтпесе, Хмельницкийдегідей болып, маған айыппұл салады. Оны дұрыс істеді", - деді президент брифинг басында. 

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкімшілік хаттама кофе қожайыны мен оған келген қонақтардың үстінен толтырылған. Карантин ережесін бұзғандарға 17 мыңнан 34 мың гривенге дейін айыппұл салынады. 

3 маусымда Зеленский кеңсе мүшелерімен Хмельницкийде кафеге барып, кофе ішкен. Ол кезде кафелердің жұмыс істеуіне тыйым салынған еді. Зеленский карантин ережесін бұзса, айыппұл төлеуге дайын екенін айтқан. 

Қазір оқып жатыр

LRT құрылысы: Астананың екі көшесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Астана

Вячеслав Ким Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмен атанды

Вячеслав Ким

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов