Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Зеленскийдің өкілдігі Қырымға су беруге қарсы

Украина президенті Владимир Зеленскийдің Қырымдағы өкілдігі түбекке су беруді қалпына келтіруге қарсы шықты. Бұл туралы  өкілдіктің Facebook

Зеленскийдің өкілдігі Қырымға су беруге қарсы
Фото: NEGE.kz

-тегі парақшасында жария болды.

Алматы, NEGE. Бұған дейін Украинаның жаңа премьер-министрі Денис Шмыгаль Қырымға су беруді қалпына келтіру туралы бастама көтерген. Ол түбекте украин азаматтары тұратындықтан, бұл «гуманитарлық жауапкершілік жүктейтін мәселе» екенін айтқан болатын. Кейінірек үкімет басшысы Қырымды Украинаға қайтармайынша оған су жеткізудің техникалық жағынан мүмкін еместігін мәлімдеді. Украина Днепрден келетін Солтүстік Қырым арнасы арқылы Қырымның суға деген қажетінің 85 пайызын өтейтін. 2014 жылы түбек Ресей құрамына өткелі бері бұл арнамен су беру түбегейлі тоқтады. Зеленскийдің Қырымдағы өкілдігі түбекке су беруді қалпына келтіру Ресейге қатысты қысымның әлсіреуіне әкеледі деп санайды.

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА