Зеленский: Біздің тараптан адам шығыны өте көп
Владимир Зеленский «Донбаста кім басым түссе, Украинадағы соғыста сол жеңеді», – деп мәлімдеді.
Алматы, NEGE. Оның айтуынша, украин әскері Харковь облысы үшін болып жатқан шайқаста көп сарбазынан айырылған. Ресей күштері аталған аймаққа бақылау орнату үшін барын салуда. Бұдан басқа, елдің оңтүстігінде де қиян-кескі ұрыс жүріп жатыр.
Владимир Зеленский, Украина президенті:
– Севередонецкі мен соның маңындағы басқа қалалар мен елді мекендерде қиян-кескі ұрыс жүріп жатыр. Өкінішке қарай, біздің тарапта адам шығыны өте көп. Бірақ беріспейміз. Бұл біздің мемлекетіміз. Әсіресе Донбассты ұстап қалу өте маңызды.
Ресейдің Қорғаныс министрлігі дәлдігі жоғары «Калибр» зымырандарымен Украина әскерінің зеңбіректері мен оқ-дәрісін жойғанын хабарлады. Бұдан бөлек, бір ұшақ, бірнеше зымыран мен ондаған реактивті снаряд атып түсіріліген.
Игорь Конашенков, РФ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:
– Соңғы бір тәулікте Ресей әуе күштері Славянск аспанында Украинаның «Миг-29» атқыш ұшағын және Снихуривкада «Ми-24» тікұшағын атып түсірді. Зеңбірек сақталған қойма талқандалды.
Қазір оқып жатыр
Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?
Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды
30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді
«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады