USD
USD
USD

Зеленский: Жұдырықтай жұмылудың арқасында жеңеміз

 «Жұдырықтай жұмылған украиналықтардың арқасында біз жеңіске жетеміз». Бұл туралы Владимир Зеленский әскери госпитальға барған сапарында мәлімдеді.

Зеленский: Жұдырықтай жұмылудың арқасында жеңеміз
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу болатынына сенімді. Әзірге қос елдің делегациялары келіссөздерді видеобайланыс арқылы күнделікті жүргізіп жатыр.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

Бүгін Украина және тәуелсіздік үшін соғыстың 18-күні. Ресей зымырандары және әуе бомбаларымен біздің елді таңнан кешке дейін атқылап жатыр. Бір ғана Львов аймағына 30 зымыран тасталды. Бітімгерлік және қауіпсіздік жөніндегі халықаралық орталықты бомбалау салдарынан 35 адам қаза тауып, 134-і жарақат алды. НАТО-дан біздің елдің аспанын жабуды тағы да қайталап сұраймын. Біз жеңіске жетеміз, сіздер мұны сезінетін боласыздар.

Ал Львов аймағындағы орталыққа соққы жасағанын Ресей растады. Кремль әуе шабуылы салдарынан 180 шетелдік жалдамалы әскердің көзі жойылғанын және ірі қару-жарақ қоймасының талқандалғанын жеткізді.

Игорь Конашенков, РФ Қорғаныс министрлігінің өкілі:

Дәлдігі жоғары ұзақ қашықтыққа арналған қаруымыз арқылы Украина қарулы күштерінің Старичи ауылы мен Яворов полигонындағы оқу-жаттығу орталықтарына соққы жасалды. Киев режимі ол жерде шетелдік жалдамалы сарбаздарды дайындап, Ресей әскеріне қарсы жіберіп отырған. Сондай-ақ ол жерде шетелден әкелінген әскери-техникалық құрал-жабдық сақталған қойма бар.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Заң

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Автомектеп

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Әуежай

Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді

такси